Бауырынан табақ жүгірту
Туылғанына 5-6 ай болып, талпына бастаған сəбиді тез аяқтансын деген мақсатпен туыс-туған, көрші-қолаңды шақырып, баланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымын өткізеді.
Онда ауылдың өнегелі, инабатты кісілерінің бірі арнаулы дайындалған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жағынан сол жағына, сол жағынан оң жағына қарай өткізіп:
– Балапандай талпын да,
Аршында, бөпем, аршында!
Желмаядай желгек бол,
Қас тұлпардай сергек бол! – деген игі тілек білдіріп, табақтағы астан алдымен баланың өзіне дəм татқызып, қалған асты жиналған жұрт бөлісіп жеп, балаға ақ баталарын береді. Міне, бұл «бауырынан табақ жүгірту» деп аталады.
«Бауырынан табақ жүгіртудің» де өзіндік мəн-мағынасы, ойға алған мақсаты бар. Талпынып тұрған бала бауырын ыстық тамақтың лебі шалғанда, жүйке клеткалары тітіркеніп, бойын тік ұстап, тезірек аяқтануға ұмтылады. «Ас – адамның арқауы» деп, омырау сүтіне қоса нəрлі тағаммен азықтанған бала тез жүріп, буыны тез бекиді.
Баһаргүл Төлеген фб парақшасынан