Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері.

Мақтау қауіпті нәрсе.Мақтаудың екі түрі бар;Біріншісі-қара ниетті мақтау,екіншісі-ақ ниетті мақтау.

Орынды зіркілдеу-сабақ,орынсыз зіркілдеу-азап.Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға,орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.

Тәрбиелі-тәртіптің құлы.
Тәртіпті-елдің ұлы.

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды,ұмыту.

Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.

Өзінің ұлтын сыйламаған,ұлтын мақтаныш тұта да алмайды,ол сөз жоқ арамза,тексіз әрі қаңғыбас.

Ұлттық мақтаныш-сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Еркекті бұзатын екі құмарлық-арақ пен әйел.

Өлімнен қорқуға болмайды.Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.

Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу-сатқындық!

Біздің жерімізде еркек-діңгек,әйел-гүл.Діңгек-жапырақсыз,гүлсіз,қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз.Әйел-құнарлы топырақ сонда адамзат дәні өсіп жетіледі.Біз сол дәннің жемісіміз.Әйелсіз адамзат «жемісі» ешқашан да болмайды.

Marat Zhakupov фб парақшасынан