Бауыржан Момышұлы:Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
* Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.
* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше — шындықтың уын ішін өлген артық.
* Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
* Азамат жолы — ар жолы.
* Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз — еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала — бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді — елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны — аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!
(с) Бауыржан Момышұлы