Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен :

● Халықтық тәжірибе — бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына.
● Сұлу сөзге құл болма — зерлі ой онда көп болмас.
● Үмітін жоғалтқан жан — ешқашан үміттеніп көрмеген жан.
● Тіл — ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.
● Тіл — елдің елдінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш.
● Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу — шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.
● Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә.