БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ҰЛЫ БАҚЫТЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЕСТЕЛІГІНЕН:

Әкем бір күні мен бөлмесіне шақырып алып, қарсысындағы креслоға отырғызды да:
– Сен қаланың тас кеудесінде өстің, сондықтан сенің тамырың әлсіз. Сен туғанда мен соғыста едім, шинелімнің етегі қанға малшынып, лаулаған оттың түтіні сіңген еді. Сені өзіммен бірге оқтың астына әкете алмадым, өзімнің әкелік парызымды өтеу үшін, саған келе алмадым. Қиырдағы жат жерде жүріп, саған әкелік мейірімді, әке тәрбиесін бере алмадым. Бұған менің кінәлі емес екенімді сенің түсінуің керек. Бірақ саған ұлттық рухтың дәнін себе алмаған айыбымнан бас тартпаймын. Мен сенің мәңгүрт болып өскеніңе қатты күйінемін, бұған да сенің ешқандай кінәң жоқ екенін жақсы түсінемін. Дегенмен сенің айыбың сол: өзіңнің шыққан жеріңе, өз халқыңа қайта оралуға асығар түрің жоқ. Сен нағыз тас жүрек космополит болсаң да, мен сенен кете алмаймын, бірақ бұл менің жүрегімде айықпас дерт болып қалмақ. Маған бала керек, бірақ менің балам өз халқын мақтан тұтатын қазақ болуы тиіс. Маған салса, менің балам паспорт бойынша ғана емес, ет жүрегімен де қазақ болуы керек. Адамзат үшін өз халқының жолы – оның ең дұрыс жолы, ал кез келген қыңырлық оны сөзсіз бақытсыз етеді, өйткені теріс пиғыл халықтан жырақтатады. Өз халқының өгей баласы атансаң, өзгеге де сыймайсың. Осы есіңде болсын, – деген еді.
Әсет Ақмолда