Баяғыда бір данышпан ұлына үш өсиет айтыпты:
1. Жесең ең дәмді тағамдарды же;
2. Ұйықтағанда ең рахат төсекте ұйықта;
3. Өмір сүрсең ең бай болып өмір сүр- депті.
Ұлы әкесінен:
— Әкетайым, ең дәмді тағамды қайдан табамын?
— Адал жолмен тап. Қарның ашпастан тамақ жеме. Қарның қатты ашса, қалаған тамақ дәмді болады;
-Ең жұмсақ төсекті қайдан аламын?
— Еңбекқор бол! Қатты шаршасаң саған қалаған жер жұмсақ төсектей рахат болады;
— Қалай бай болайын, деген соңғы сұрағына, әкесі:
-Басқалардың дүниесіне тамсана қарама, өзіңнің мүлкіңе қанағат жаса. Сол кезде сенен бай адам болмайды, балам- деп жауап қатыпты.