Баяғыда бір данышпан ұлына үш өсиет айтыпты:

1. Жесең ең дәмді тағамдарды же;
2. Ұйықтағанда ең рахат төсекте ұйықта;
3. Өмір сүрсең ең бай болып өмір сүр-депті.
Ұлы Әкесінен:
— Әкетайым ең дәмді тағамды қайдан
табамын?
— Адал жолмен тап. Қарның ашпастан
тамақ жеме. Қарның қатты ашса қалаған
тамақ дәмді болады;
— Ең жұмсақ төсекті қайдан аламын?
— Еңбекқор бол! Қатты шаршасаң саған
қалаған жер жұмсақ төсектей рахат
болады;
Калай бай болайын, деген соңғы сұрағына,
Әкесi
— Басқалардың дүниесіне тамсана қарама,
Өзіңнің мүлкіне қанағат жаса. Сол кезде
Сенен бай адам болмайды, балам-деп
жауап беріпті.