Баянауылдағы Мырзашоқы тау-шаңғы базасы биыл бес мың туристі қабылдауға дайын

Баянауыл ауданында туризмді дамыту бойынша ауқымды жоспар құрылған. — Мырзашоқы тауының етегінде ұзындығы 960 метр болатын арқанды жол осы қыста бес мың туристі қабылдай алады, — деді облыс әкімі Болат Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

— Баршаңызды Мырзашоқыда өтетін қысқы мерекелер мен жаңа жылдық демалыстарға қатысуға шақырамын! Көптеген жылдар бойы жергілікті тұрғындар мен қажылар қасиетті орын — Мәшһүр Жүсіп кесенесіне апаратын жолдың жоқ екендігіне шағымданған еді. Биылғы жылы бюджет есебінен 90 шақырым жол толық жөндеуден өтті. Келесі жылы «Қоңыр әулие» үңгіріне баратын туристік аймаққа тағы бір жолды жөндейміз. Баянауыл ауылында туристерге қолайлы болу үшін ұшу-қону жолағы және екі тікұшақ алаңы бар шағын авиация әуеайлағы салынды.

Сонымен қатар демалыс аймағында су құбырының құрылысы аяқталуда. Жасыбай көліне дейін электр беру желісінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, аймақ басшысы облыс орталығында ішкі туризмді дамытуға баса назар аударылып отырғанына тоқталды.

— Биылғы жылы қаланың басты көрікті жерлері – Ертіс жағалауы ұзартылып, «Қаз қонақ» ескерткішіне дейін жеті, — деді ол. — Бүгінде ұзындығы 6 шақырымды құрайды. Бұл тек тұрғындардың ғана емес, қала қонақтарының да сүйікті орнына айналды. Екінші жыл қатарынан облыстың барлық негізгі іс-шаралары, эстрада жұлдыздарының концерттері Ertis Promenadе орталық сахнасында өткізіледі.