Бейбіт уәдесіне тұрды

Осыған дейін «Қазақстан барысын» үш рет жеңемін деп мәлімдеген Бейбіт алты жылдан бері өтіп келе жатқан дүбірлі доданың финалында топ жарып, уәдесін орындады. Биылғы жарыста ерекше өнерімен көзге түскен Жұманазар Ерсұлтанов Бейбітке есе жіберіп, күміс жүлдеге қанағат етсе, Әулиеата өңірінің балуаны Айбол Айтбек үшінші орынға табан тіреді.