«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ
Қордай ауданында түрлі бағдарламалар арқылы жалпы 1,6 млрд. теңгеге несие беріліп, 21 жаңа жұмыс орындары ашылды
Бүгінгі күнге ауданда түрлі бағдарламалар арқылы жалпы 1,6 млрд. теңгеге несие беріліп, 21 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жобасы аясында жалпы соммасы 84,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба қолдау тапты.
Атап айтсақ: Несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша 2 жоба жалпы соммасы 62,5 млн. теңгеге субсидияланды.
✅Сонымен қатар, аудандағы «Қордай» Несие серіктестігі» ЖШС-гі арқылы 520,3 млн. теңгеге 41 шаруа қожалыққа ал, «КМФ» ЖШС-гі арқылы 1013,2 млн. теңгеге 1044 кәсіпкерге несие берілді.
Оның ішінде: «Агро» бағдарламасы бойынша 577,2 млн. теңгеге 579 кәсіпкерге, «Бизнес» бағдарламасы бойынша 436,0 млн. теңгеге 465 кәсіпкер несиелендірілді.
Жалпы ауданда соңғы 3 жылда 18,3 млрд. теңгеге 8028 тұлғаға несие берілді.
Қордай ауданының әкімдігі