БЕЙНЕУ АУЫЛЫНЫҢ 46 КӨШЕСІНЕ ЖАРЫҚ ШАМДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

«2020 жылы жергілікті бюджет есебінен 11 млн 605, 38 мың теңге қаржы қарастырылып Бейнеу ауылындағы Д.Тәжиев, Қосай Ата, С.Бейбарыс, Ер Шабай, М.Бегенов, Ж.Қалдығараев, Қ.Боқанұлы, Төремұрат, Қашаған, Ө.Құлбатыров, С.Ақшабайұлы, Е.Бөкетбайұлы, С.Қилыбаев, А.Балов, Хибас, М.Өтемісұлы, Есекмерген көшелерінің және Тәуелсіздік алаңы, Тәуелсіздік даңғылы, Әли Балта атындағы орталық стадион мен Орталық мешіт жанына және Ұлы Жібек композициясына жалпы саны 678 дана жарық шамдары соңғы үлгідегі электр қуатын үнемдегіш диодты жарық шамдарына ауыстырылды, — деді аудан әкімі Бейнеубек Әбілов.

Ауыл тұрғындары ынтымағы мен ауызбіршілігін көрсете отырып, өз қаражаттары есебінен 20 көшеге жарық орнатты. Атап айтқанда Оңғалбаев, Мәтжан би, Ер Қонай, Д. Нұрпейісова, Сәттіғұл, Абай, Сүйеубаев, Жангелдин, Шолтаман, Балуанияз, Айназар Ата, Шәкәрім, Әділ, Тұрсын, Барақ батыр, Байқұл қажы, Амантұрлы, Құрманғазы, Ж.Аймауытов, Ә.Молдағұлова көшелеріне демеушілік ретінде диодты жарық шамдарын орнатты. Жалпы қазіргі таңда Бейнеу ауылындағы 153 көшенің 46 көшесі жарық шамдарымен қамтамасыз етілген.

«Сонымен қатар Бейнеу ауданында 2019 жылы жазғы маусымда электр қуаты жетіспеушілігі байқалған көшелердің, электр қуатын жоғарылату мақсатында 2020 жылы облыстық бюджеттен 26 млн 340 003,20 теңге қаржы бөлініп, 11 кіші трансформаторлы подстанция сатып алынды. Оның 9 данасы Бейнеу ауылындағы электр қуаты төмен көшелерге орнатылса, 2 данасы Тәжен, Боранқұл ауылдарына орнатылды» — деді аудан әкімі.

БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ