БЕЛБАСАР АУЫЛЫНДА 100 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Бәріңізге белгілі, 3 мыңнан астам халқы бар Белбасар ауылында қазіргі кезде мәдениет үйі жоқ. Осыған орай, биылғы жылы ауылда жаңа 100 орындық мәдениет үйі бой көтермек.
Жобаланған учаске аумағы — 8000,0 шаршы метрді құраса, жалпы құрылыс аумағы 574,86 шаршы метр болатын бір қабатты ғимарат тұрғызылады. Жоба бойынша ғимараттың ішінде сахнасы бар 100 орындық көрермен залы, гардеробы бар вестибюль-фойе болады. Сондай-ақ өнерпаздар бөлмелері, 17 орындық кітапхана, кіпаптар қоймасы мен киім-кешектер қоймасы және ансамбль, клуб мүшелерінің дайындалуына арналған залдар, би залы, сонымен бірге мәдениет үйінің әкімшілігі орналаспақ.
Шу Ақпараттық Медиа Орталық