Белгілі қарағандылық продюсер Асхат ҚАЖЫТАЙ «Жаяу» танымдық туризм жобасы аясында  Ұлт ұясы – Ұлытауға жаяу сапарға шықты.

Басты мақсатым – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындаэтуризмді насихаттау, ұлы тұлғалардың басына барып, тәу ету. Облысымызда Ұлытау аймағы – туризмімен ерекше. Соған үлес қосқым келеді. Абай, Жаңаарқа аудандарына да арнайы соғамын. Жезқазған, Сәтбаев қалаларында да боламын, бұйырса. Әр өлкенің өзіндік тарихы бар ғой. Соны насихаттамақ ниетім бар, – дейді Асхат Қажытай.

Бұдан бөлек, марафоншы «Қайырымды километр» акциясын жоспарлап отыр. Ұлытау ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға оқу құралдарын өз  қаражатына табыстамақ.

Асхат басқа елдерге де жаяу жолға шықпақшы. Шет елден ұтымды ұсыныстар түсіп жатқанын сүйіншіледі. Бұйырса, ол сапардың да ауылы алыс емес екен. Күзге жоспарланған. Бұл қуанышты хабарымен «Ұлытауға аман-есен жеткен күні толығырақ бөлісемін» дейді.

 

Жомарт Шаймұрат