Бердібек Сапарбаев Павлодар облысында ауыл тұрғындарымен кездесті
ҚР ремьер-Министрінің оырнбасары бастаған үкіметтік жұмыс тобы Ақсу қаласы мен қаланың ауылдық аймағында болды. Вице-премьер осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске қосылған мүгедек балаларға арналған «Ортопрот» сауықтыру орталығында болды.
Орталықта бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі тірек-қозғалыс апапарытының ауытқушылығы бар балаларға қызмет көрсетеді. Орталық қызметкерлері вице-премьерге мұнда балалардың моральдық-психологиялық және медициналық сауықтырлуы үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
«Бұл қаладағы сауықтыру қызметтерін көрсететін жалғыз орталық. Орталық ашылғаннан бері біз тірек-қозғалыс аппаратының ақауы бар 15 баланы аяққа тұрғыздық. Бұл біз үшін өте жоғары көрсеткіш», — дейді «Ортопрот» фирмасының директоры Айгүл Қамиева.
Орталықта ортопедиялық бұйымдар жасаумен де айналысады. Олардың қатарында құны 25 мың теңгені құрайтын ортопедиялық аяқ киімдер де бар. Орталық жыл сайын 1000 жұп аяқ киім жасап шығарады. Бердібек Сапарбаев орталықтың қызметін оң баға беріп, оның ұжымы мен тәрбиеленушілеріне сәттілік тіледі.
Бұдан кейін Премьер-Министрдің орынбасары Евгеньевка ауылындағы дәрігерлік аамбулаторияның ұжымымен сұхбаттасты. Амбулатория төрт мыңға жуық тұрғынға бастапқы медициналық-санитарлық, диагностикалық және стационарлық көек көрсетеді.
Жұмыс сапарының соңында үкіметтік топ ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Бердібек Сапарбаев ел Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы міндеттердің жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Ол мемлекет мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейтетінін атап өтті.
«Мемлекет азаматардың әл-ауқатын арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарып жатыр. Келесі жылдан бастап көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бағдаралмаларына өзгерістер енгізіледі. Егер, бұрын әлеуметтік көмек алушылар өздерінің шынайы табыстарын жасырып қалып жатса, 2020 жылдан бастап мұндай фактілерге жол берілмейді. Сонымен қатар, үкімет ұстаздардың мәртебесін көтеріп, олардың жалақысын екі есе арттыруды жоспарлап отыр», — деді вице-премьер.
Әлихан Рахметоллаұлы