БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ
16 наурыз — Шаңырақ күніне орай, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова еңбек ардагері, Жаңатас қаласының тұрғыны үлгілі жанұя Садиевтердің шаңырағына барып, мерекемен құттықтап қайтты. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы еңбек ардагері Серік Садиевке ұзақ ғұмыр тілеп, шаңырақтан береке кетпесін деген ізгі тілегін айтты.



