БЕС АУЫЛДА БІРҚАТАР НЫСАНДАР ПАЙДА БОЛАДЫ

Күні кеше аудан әкімі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселелер бойынша мәжіліс өткізді. Өздеріңіз білетіндей аталмыш серіктестік Шу ауданындағы Бірлік, Қонаев, Бірлікүстем, Шоқпар және Көкқайнар сынды ауылдарға өз қолдауын көрсетпек.
🔹Атап айтқанда, серіктестік Бірлік ауылдық округіне футбол алаңшасы, волейбол, баскетбол, стрит воркаут пен балалар алаңын салуға бекініп отыр. Сондай-ақ осы ауылда осал топтағы азаматтарға 2 баспана салып береді. Одан бөлек ауылды абаттандыру жұмыстарына да ат салыспақ.
Келешекте бірлікүстемдік тұрғындар да волейбол, баскетбол, стрит воркаут пен балалар алаңының игілігін көрмек. Дәл осындай жақсылық Қонаев ауылына да орын алатын болады.
🔹 Бұдан бөлек Қонаев ауылының көпірі де қомақты қаржыға жөндеуден өтеді деп күтілуде.
Сол секілді серіктестік Шоқпар ауылы, Алайғыр мен Құлақшын елді мекендері жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстары мәресіне жетіп қалғанын айтуда. Сонымен қатар шоқпарлық өрендер жаңа футбол алаңшасында доп теуіп,стирт воркаут алаңында тән шынықтыратын болады.
🔹Онымен қоса балаларға ойын алаңы базарлық етілмек.
Ал, Көкқайнар ауылында бокс пен күрес үйірмелері ашылады. Оны да аталған серіктестік өз мойнына алуда. Жобалардың жалпы құны 800,0 млн теңгеден асып жығылады. Жиын соңында аудан әкімі сапа мен көмектердің уақытында берілу керектігін айтып, тұрғындардың пікірін ескергені үшін серіктестік басшылығына алғысын білдірді.