БЕС ДӘРІ

Бір падишах уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, оған тек қара нан, су берілуін талап етеді. Күндер зулап өтіп бара жатса да уәзір еш шағымданбай мойынсұнып отырғанын байқаған падишах, зынданға барып уәзірді алдына алып келуді бұйырады. Жегені тек қара нан, ішкені тек қара су болса да, уәзірдің еш наразылық көрсетпей, қалайша сабыр сақтай алғанын білгісі келеді:
-«Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін».
Падишах қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін деген әмірін көмекшілерінің орындамағына қатты ашуланады. Уәзірге: «Қайда ол дәрілер? Көрсет маған!».
Сонда Уәзір:
— «Бірінші дәрім -тәуекел!
Аллаhқа иман етіп, істерімді Оған тапсырдым.
Екінші дәрім — тағдырға ризашылық.
«Жазмыштан озмыш жоқ». Маңдайыма жазылғандарға көніп, еш шағымданбаймын.
Үшінші дәрім — сабыр.
Төртінші дәрім — қанағат!
Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін.
Бесінші дәрім — үміт!
Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін,- деп бес дәріні айтып, падишахты таң-тамаша қалдырған екен».
Баршамыздың бүгінгі қасиетті Жұмада тілеген жақсы тілектерімізді Алла тағала қабыл қылсын!
Көп білген абзал, бірақ соның бәрін іске асыра алмай жататынымыз анық.
Әлеуметтік желіге кірген адамдар егер Сіздің парақшаңызға салатын мәліметті асыға күтіп, немесе содан өзіне пайдалы ақпарат алатын болса, соған сәйкес Сіздің де бағаңыз артып, мәртебіңіз өсіп, жұрт алдында құрметіңіз ұлғаяды.
Оқырмандардың Сіздің жазбаларыңызды көбірек бөлісуі де Сіздің еңбегіңіздің өтелуі деп біліңіз.
Олай болса, жақсылықтың жаршысы атанайық!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, қазанымыз ырыс-несібеге толы болсын ағайын!
Мұратбек Ержақыптың фейсбук парақшасынан

Мұратбек Ержақыптың

фейсбук парақшасынан