БЕСАҒАШТА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жұмыс сапарымен тұрғындар өтініші бойынша Бесағаш ауылында салынып жатқан әмбебап спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын көрді.
Мердігер өкілімен жолығып, жұмыстардың сапалы жасалуын ескертті.
– Бесағаш — спортшылар ұстаханасы. Мұнда кез келген деңгейдегі спортшыларды кезіктіруге болады. Сондықтанда жастар өтінішімен осында спорт кешені салынуда. Мұның сапасы ұдайы бақылауда болады, — деді Ерлан Қыдыралыұлы мердігер өкіліне.
Құрылыс жұмыстары екі жылға жоспарланған. Яғни, аяқталуы 2024 жыл.
Жамбыл ауданы әкімдігі