Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық – Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киімдердің рөлі туралы айтты.
МӘН-ЖАЙ
Тоқаев Ұлттық құрылтайда өл мәдениетіміздегі Әз-Наурыз мейрамының орны туралы айтты.
— Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс.
Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек, дейді президент.
Ulysmedia.kz коллажы
https://qaz.ulysmedia.kz/news/27281-bet-zhuzdi-tumshalaityn-kara-kiimnen-gori-ulttyk-kiimderimiz-ldekaida-artyk-tokaev/