«Білеуті-2021» Жезқазған экспедициясының қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Жезқазған өңірінде Білеуті өзені мен атақты Бұланды шайқасы болған жер арасындағы аумаққа шыққан екі күндік «Білеуті-2021» тарихи-танымдық экспедициясы аяқталды. Оның мақсаты – белгілі бір аймақты зерттеу және жаңа туристік маршрут құру болып табылады.
Саяхатшылар әлі зерттелмеген петроглифтер мен жартастағы жұмбақ әріптерді, көп камералы үңгір мен жезтырнақ тастарын, жартастағы дөңгелек ойықтарды – ежелгі металлургтердің әзірлемелерінің іздерін тапқан болуы мүмкін. Жаңа тарихи олжалар еш жерде сипатталмаған, оларға қазақстандық көрнекті ғалымдар қызығушылық танытып үлгерді.
Білеуті өзенінің маңынан жартасқа салынған суреттер табылды. Оларды тек мамандар ғана анықтап, шеше алады. Қозыбай елді мекенінде олар қара тастарға соғылған және жақсы сақталған. Петроглифтердің басқа галереясын ынтагерлер Ақкиік деген жерден сұр-көк тастардан тапты.
Келесі жылы экспедиция қатысушыларына Қазақстанның басқа мұражайларынан тарихшылар мен археологтар қосылуға дайын.
Жомарт Шаймұрат