Білікті дәрігерлер көп болсын
Толқыннан толқын туады , Толқынды толқын қуады деп өзімнің екі дәрігерім бар Шу ауданы больницасында бірі Ханкешеева Айсель болса екіншісі Ақбалаев Сабыр.
Ал бастадым Әлқисса !
Қатты приступпен ауырып Қабылдау бөліміне түстім. Өзімде оңбайтын адаммын ғой тірлік , тірлік деп әні барам , міні барам деп ақыры асқынып құлайтын кезде келемін ғой сол ( Нағыз Қазақпын ғой өлейін деп жатқанда келетін ауруханаға). Алдымда қабылдап отырған дәрігерге қырынан қарадым , алдынан қарадым танымайтын сары адам. Мидың С мен Д бөлімдерін поискіге қосып бізде мынандай дәрігер бар ма еді , бар ма еді деп мидың С бөлімінен Д бөліміне сұрақ қойып поискке жіберіп қойып ойланып отырсам.Қай жеріңіз ауырып тұр , аты жөніңіз деген сұрағы заикать еткізіп қатырып поискіні бұзып жіберді. Бірден сырттан келгенін біле қойдым да пальпация мен пульпацияны білесің ба деп сұрадым.
— Білемін деді.
— Білсең өзің тауып ал деп қырсықтығым ұстады да қисайдым.
— Қолымды ұстап тамырды басып тұрды да сізде жүрек деді де. Артқа қараңыз деді.
Артқа қарадым жауырын қабырға бәрін саусақпен тоқылдатып көрді де сізде межрёбрный невролгия бар деді.
Ал саған Қасқалдақ деп бұрылып қарадым да менің емдеуші дәрігерім Айсель екеуміз ғана білетін дигнозым ғой , мынаған аты жөнімді айтқан жоқпын , ауруымды да айтқан жоқпын ғой деп бетіне қарадым да , қайдан келдің деп сұрадым.
— Мойынқұмнан деді.
— Енді Мойынқұмға бармайсың пенсияға шыққанша осы жерде терапияда істейсің , талай елдің алғысын алатын адам екенсің атың кім дедім.
— Ақбалаев Сабыр Құдайбердиевич деді.
— мен Данко Баронмын дедім.
-Естігенмін сыртыңыздан деді. Таныстығымыз осылай басталған еді.
Міне содан бері Сабыр Құдайбердиевич қатардағы дәрігерден Терапия бөлімінде меңгеруші дәрігерлікке көтеріліп ел алғысына бөленіп жақсы жағынан жағымды мінез құлқымен , адамгершілігімен , өз ісінің нағыз маманы екендігін сөзбен емес іспен дәлелдеп науқастарды емдеп келеді.
Таксиге мінсең де , Көкбазарға барсаң да , мал базарға барсаң да , тойға барсаң да , ойға барсаңда дәрігерлер туралы әңгіме қозғала қалса Сабырдың қадірлі жұмысының куәсі болып жүрміз өзімде және дүйім жүрт . Ауруына шифа іздеп келіп , ем алып жазылып шыққан талай науқас еңбегіне куә.
БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРІМІЗ КӨП БОЛСЫН !