Білім беру саласына баса назар аударылады
Қоғам ілгері дамыған сайын түрлі өзгерістердің орын алуы, жаңа бастамалардың өмірге келуі заңдылық. Бұл даму мен ілгерілеудің негізі болып табылатын білім саласында жарқын көрініс табуда. Жаңа заман сұранысына сай оқытудың жаңа жүйесі қолға алынып, әлемдік кеңістікке енуге сәтті қадамдар жасалынуда.
Бұл ұстаздар жұмысына айрықша серпін беруде. Оқыту үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізумен қатар сананы рухани жаңғыртудың да мәні зор.
Осыған орай бізде бөлім тарапынан аудандағы білім ошақтары мен балабақшалардың жұмысын үнемі назарда ұстап, зерделеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеміз.
Міне, осындай жұмыс бүгін Қаратау қаласында орналасқан С.Сейфулин атындағы орта мектебінде жалғасты. Ондағы шағын орталықтың да жұмысын толықтай қарап шықтым.
Мектеп әкімшілігімен кездесіп, мұғалімдердің жұмыстарымен таныстым.
Асхананың тазалығы мен тағамдардың сапасына көңіл бөлдім.
Жұмыстағы олқылықтарды ескертіп, жоюуын тапсырдым.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы