БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗГЕРІСТІҢ 1000 КӨШБАСШЫСЫ
2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобасы іске асырылуда.
Кадрлық резервке тіркелген үміткерлер 6 айдың ішінде іріктеуден өтіп, жеке, кәсіби, басқарушылық, аналитикалық дағдылар мен құзыреттерін дамытты.
Барлық 5 кезеңнің қорытындысы бойынша Республикалық кадр резервіне 208 кандидат кірді. Оның ішінде Жамбыл облысынан 7 үміткер, оның 2-і Жамбыл ауданынан:
— Туғанбаева Марал Тиыштықбайқызы — Жамбыл ауданы Гродекова орта мектебі директорының оку ісі жөніндегі орынбасары,
— Мырзашова Нургиза Абдигалиевна — Жамбыл ауданы Шайқорық орта мектебі директорының орынбасары.
Бүгін аталған кадр резервтегі үміткер Туғанбаева Марал Тиыштықбайқызы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Гродеково орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалды.
Махпал Досымбекова