”БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ЛИЦЕЙЛЕРІНДЕ 200-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСУДА
Облысымызда а.ж. 26 мамыр күні оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында жазғы мектеп жұмысын бастаған еді. Бүгінгі күні оған 102 869 бала қатысуда (1-8 сынып, 10сынып).
Ал облыстық дарынды балаларға арналған мамандандарылған «Білім-Инновация» лицей-интернаттарында 200-ге жуық бала жазғы мектеппен қамтылды.
Еске салсақ, жазғы мектепте білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді. Мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілген.
Жазғы мектеп жұмысы 17 маусымға дейін жүргізіледі