Бәрекелді, құттықтаймыз!«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлеріне «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесі берілді

2017 жылғы 24 қарашада Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы республикалық есеп беру және сайлау конференциясын өткізіп, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлеріне  «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесі атағын берді деп хабарлайды bil-edu.kz.

Конференцияға Қазақстан Республикасының көптеген облыстарынан білім мекемелерінің өкілдері қатысты. Оның ішінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің басшылары да бар. Конференцияда 2016-2017 оқу жылында атқарылған іс-шаралар бойынша есеп берілді және 2018-2019 жылдарға арналған даму бағыттары ұсынылды. «Білім-инновация» және «Білім орда» Халықаралық қоғамдық қорларымен шығармашылық ынтымақтастық жасау мақсатында меморандумға қол қойылған.

KazFUCA Президенті Болат Ақшолақов  барлық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің директорларына «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесіне ие болғандарын растайтын сертификаттарын салтанатты түрде тапсырды.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚның жетістігімен «Қазақстан Zaman» газеті және «ЕлАна» қоғамдық-саяси, танымдық сайты, «Мөлдір бұлақ» балалар журналы атынан құттықтаймыз.