«Білім-Инновация» Лицейлерінің (ҚТЛ) мереке қарсаңындағы қуанышты хабары!

Бәрекелді..! Сүйінші сүйінші сүйінші. .!

Ребрендингтің алғашқы жемісі немесе мереке қарсаңындағы қуанышты жаңалық.

«Білім-Инновация» Лицейлерінің (ҚТЛ) атын ауыстырғаннан кейінгі алғашқы Республикалық пән олиппиадасынан 206 медаль жеңіп алғанын қуана xабарлаймыз.

Ол дегеніңіз жалпы олимпиаданың жүлделі орындарының 62% -ы. Өткен жылы жалпы саны 200 медаль алған «БИЛ»-діктер биыл 6 дана қосып 206 медалді қанжығаларына байлады.

Биологиядан 55 медальдің -47 медалін
Химиядан 54 медальдің -41 медалін
Математикадан 60 медальдің -33 медалін
Физикадан 63 медальдің -28 медалін
Информатикадан 48 медальдің -40 медалін
Географиядан 54 медальдің -17 медалін

Жалпы саны 334 медальдің -206 медалін
«Білім-Инновация» Лицейлерінің (ҚТЛ) Оқушылары жеңіп алды.

Оқушыларға, ата-аналарына, ұстаздарына алғыс айта отырып оларды көктемнің шуақты мерекесі қарсаңындағы жеңістерімен құттықтаймын.

Nurbol Tulebayev