Білім сапасын бақылаудың маңызы зор

Білім алуға мүмкіндік теңдігі – әлемнің көптеген елдерінің білім жүйесі үшін негіз болып табылатын маңызды принциптердің бірі. Ол бізге, яғни Қазақстанға да ортақ.
Аталған принциптің шынайылығына және жүзеге асыру қажеттілігіне күмәндану орынсыз. Дәл осы принциптен әлеуметтік әділеттілік идеясының іске асуы басталады.
Білім беру көзі қоғам мен мемлекет дамуына ықпалдаса отырып, ел экономикасының драйвері-қозғаушысы болып
табылады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся, стол, детская игрушка и текст
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы.
Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.
Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы орайда тек шеберлік қана емес білім ошақтарындағы қолайлы жағдай жасалуы, балалардық тәртібі мен тәрбиесі, білімі мен денсаулықтары, мектеп ішінің жылуы мен ұстаз бен оқушы , ата-ана арасындағы қарым қатынаста басты рол атқарады.Возможно, это изображение 2 человека и больница
Осылардың барлығы әркез бақылауда.
Осындай мақсатта бүгін Ақкөл ауылы, Ақкөл орта мектебінің базасында ресурстық орталықтың оқу процесі басталды.

Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы