Білім сені бағады, байлықты сен бағасың
VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Хазіреті Әлидің ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бәрі Хазіреті Әлиге бір сұрақ: «Білім артық па, байлық артық па?» -деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Хазіреті Әли сұрақтарға былай деген екен:
1. Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардың қалған мирас, байлық бақылдардан қалған мұра.
2. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық.
3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді.
4. Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық
5. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде қорғау керек.
6. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қызғанады, білімнің артық болатыны сол.
7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.
8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүние-малбүлінеді, сондықтан да білім артық.
9. Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жа дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін.
10. Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол, бірақ білімсіз адам байлығына мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, — деген екен.