БІЛІМДІ МОНСТР……

Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың хас жауы екенін бүгінде өмірдің өзі дәлелдеді. Бастағы жаттанды біліммен, диплом деген бір жапырақ қағаздың иелері заманды безбүйрек қоғамға айналдырды.

Осы уақытқа дейін өсіп жетілген бес дипломы бар интелектуалды монстрлардан безбүйрек басшы, әділетсіз сот, жаны ашымайтын дәрігер, мейрімсіз мұғалім қалыптастырдық.

Себебі біз, білімді тәрбиенің алдына шығардық. Білімге сенсек, Ібілістің өзі періштелерге сабақ берген емес пе? Ібіліс жұмақтан білімсіздігінен емес имансыздығынан қуылғанын ұмытпайық.

Әр ата-ана перзентінің қоғамда өз орнының болғанын қалайды. Абайша айтқанда” Сен бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан”-деп баласына ақыл береді. Бала білімді болсам болды екен деп ойлайды.

Баланың басына білім құйудан бұрын, алдымен санасына тәрбие, жүрегіне иман сіңіріп үйренуіміз керек. Соңғы уақытта қарттар үйіне өткізілген қазақтың көптеген қариялары, тастанды жетім балалар, қорғансыз жесір әйелдер ненің жемісі? Тәрбиесіз берілген білімнің арқасы.

Бұрынғы қазақ даласында түрме деген ұғым атауымен болмаған. Бүгінгі Қазақстанның әр қаласында қос-қостан түрме салдырдық. Бұл ненің көрсеткіші? Әрине мұның бір ұшы тәрбиесіз берілген білімде жатыр.

Өткендегі бойжеткен қазақ қыздарының бірін-бірі ұрып қорлауы. Онан қалды шешіндіріп елге масқара қылуының өзегінде имансыздықпен отбасындағы тәрбиенің жоқтығын көрсетіп тұр. Балаға тәрбиесіз берілген білім, түбі білімді монстрлардың армиясын қалыптастырады.

Қазақ, малым жанымның, жаным арымның садақасы демей ме? Арлы адам қалыптастыру үшін, баласына білім бермей тұрып, әуелі оның бойына тәрбиенің нәрін сіңірген. Тәрбиенің нәрі, баланың бойына егілген амамгершіліктің дәні емес пе?

МАҚСАТ СҚАҚОВ ФБ парақшасынан