БІР АДАМДАР БАР…
Бір адамдар бар. Жастары отызға, қырыққа келсе де, өздерін әлі бала секілді көреді. Алға қойған мақсаттары, көздеген межелері жоқ. Олар үшін ата-анасы ойлайды, олар үшін ата-анасы ақша табады. Әке-шешесінің мойнына отырып алған осындай адамдар үшін ештеңе қиын емес. Қаласа ала салады, қаласа тастай салады…
⠀
Ал керісінше бір балалар бар. Олардың ойлары тым әріде. Олар «ата-анамды қуантсам» деп жүреді. Олар оқиды, ізденеді, мақсат қояды, талпынады.
Бәлкім, біреуі арманына жетер, біреуі жетпес. Бірақ бұл балалар — нағыз жауапкепшілік дегеннің не екенін біліп өсетін тұлғалар:+1:
Олар отбасының тізгінін ұстай алатын жақсы ер болады. Олар бала-шағасын асырай алатын еңбекқор әке болады. Отбасын тастап кетпейді. Себебі, олар әр адамның, тіпті, адам түгілі әр заттың қадірін біліп өседі.
⠀
Сондықтан ер адамның ақылы мен парасатын оның жасымен өлшемеңіз.
Ұл балаңыз болса, оны жастайынан әр нәрсенің құнын білетін үнемшіл, отбасы үшін жауап бере алатын жауапкершілігі мол жігіт етіп тәрбиелеңіз.
⠀
Айналасына опалы, ағайын-туғанына жақын қылып өсіріңіз. Ешкімді жылатып тастап кетпейтін, ешкімді орта жолда алдап соқпайтын шыншыл етіңіз.
⠀
Міне, сонда ғана азаматтырымыз айбынды, ұрпағымыз ұлағатты болады.
⠀
Алла әр жігітке өз жақындарына қорған бола алатындай күш-қуат, ақыл, сана, түйсік берсін. Ұлдарымызға намыс, қыздарымызға қылық дарытсын.
ӘУМИН