«БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ФУТБОЛ ОЙНАЙДЫ»
Бауыржан Момышұлы ауылындағы Орталық стадионда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған шағын футболдан «БІР АТАНЫҢ БАЛАЛАРЫ ФУТБОЛ ОЙНАЙДЫ» атты жанұялық командалар арасындағы аудандық жарыс ұйымдастырылды.
Аталған жарыстың ашылу салтанатына шақырылған қонақтар мен аудан тұрғындары және жанұялық командалар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов салтанатты түрде ашып, жарысқа қатысушыларға деген тілегін білдірді.
Бұл жарысқа Бауыржан Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерден келген Шәкіровтер, Айдарбековтар, Дәуіт ата, Сейтаевтар, Ноқаевтар, Сейітбековтар, Құрышбаевтар, Үйкекбай ата сияқты бірнеше отбасыдан 100-ден аса атасы мен әкесі және балалары мен немерелері бар командалар келді.
8 команда 2 топқа бөлініп, әрбір топтан екі команда жартылай финалға жолдама алды. Финалда «Дәуіт ата» отбасы жеңіске жетіп, бас бәйгені иеленді. Екінші орынды «Сейітбековтер» әулеті жеңсе, Үздік үштіктен «Шәкіровтер» командасы көрінді.
Бірнеше аталымда үздіктер анықталып, олардың бәріне сыйлықтар тапсырылды. Атап айтқанда, отбасылық жарыста «Үздік шабуылшы» — «Сейітбековтер» командасының ойыншысы Мирас Оразбақ, «Үздік қорғаушы» – «Дәуіт ата» командасының мүшесі Эльдар Дәуітов, «Үздік қақпашы» – «Шәкіровтар» әулетінен Ринат Тасқынбаев, «Үздік ойыншы» – «Дәуіт ата» отбасының мүшесі Мадияр Дәуітов лайық деп танылды.
Буйыртса, алдағы уақытта осы жарысты дәстүрлі түрде ұйымдастырсақ деп отырмыз. Себебі, бұл – жай ғана жарыс емес, ол – жастардың тәрбиесіне орасан зор ықпал ете алатын бірегей спорт додасы. Бұл – тәрбие құралы.