Бір қазақтың мәселесін, бар қазақ қауымдасса шешеді.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан».
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ жайлы арғы бергіні қозғап уақыт шығындап қайтем. Қазақ елі тәуелсіздік алып, шеттегі қазақтар ата жұртына ағылғанына аттай 26 жыл болыпты. Тәуелсіздгіміздің 25 жылдығын сән салтанатпен шығарыпта салдық. Ел осы даталы жылдың ішінде не істелді, не істелмеді, жетістікпен, кемшілікті саралап, Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ұлт жоспарын жасап, жүзеге асыру жолында барша қазақстандықтар еңбектену үстінде. Ұлы көште тәуелсіздіктің төл құрдасы. Үстімздегі жылдың маусым айында екі үлкен іс шара өтейін деп жатыр. Біріншісі әлем көз тіккен ЭКСПО. Екіншісі, әлем қазақтары көз тіккен -«Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы». Құрылтай 22-25 маусымда өтеді. Құрылтайға әлемнің 40 елінде тұратын қазақтармен қатар, ел аумағынан қонақтар шақырылған. Үкімет, Парламент, Министрліктер, түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері арнайы қатысатыны белгілі. Құрылтай десек, шеттегі қазақтың ата жұртына оралуына бір себі тиер деген үміт оянып, көші –қонның кешелі, бүгінгі кедірі мен бұдыры еске түсіп, еріксіз еңсең түседі. IY Құрылтайдан кейін көші-қон тоқырауға түсті. Көші қон заңы жаңартылды, қысқартылды, ұзартылды, кедергісі алынып, оңтайланды деп, нүкте қойылғандай болды. Заң біткенмен, іс бітпеді. Тұрақты тіркеу, азамттыққ алу, жәрдем ақы алу, жұмысқа орналасу деп, шұбата берсе, кете береді. Бір жасқа тола сала шетінеп кететін, яғни бір жыл ғана өмір сүретін, оралман куәліктің әлегі әлі арылған жоқ…
Сондықтан, әлем қазақтардың назарына төмендегі жайды естеріне салғым келеді. ЭКСПО деп, бар күшімізді жұмылдырып жүрміз дұрыс. Жақсы өткізу мемлекетіміздің абройы. Әлем көз тігіп отыр. Дайындықта мықты, басталуына да санаулы уақыт. Менің айтпағым қазақ үшін, әлем қазақтарының құрылтайына баршамыз назар аударып, мемлекетіміздің тұтастығымен, тәуелсіздігіміздің баянды болуының бірден бір мығым күші – ұлтымыздың бірлігін нығайтуды осы құрылтайда, сындарлы саясатпен ұштастыра отырып, ақылға салып, келешегімізді айқындап алсақ нұр үстіне нұр болар еді. Тұтас мемлекет болу үшін, мемлекетті құрушы ұлттың бірлігі,
ұлттың сапасымен қатар, саныда көп жағдайда негізгі күш болары хақ. Олай болса, 2011 жылдан кейін тоқырап қалған көші –қонды жандандыру үшін, жетістіктерімізді бекемдеп, кемшіліктерімізді саралап әр қазақ құрылтайдың нәтижелі өтуіне, еліміз, ұлтымыз үшін нақтыда шешім қабылдауына әр қазақ ат салысумыз міндет. Аты айқайлап тұрғандай, бұл құрылтай тек, қазақтардың ғана мәселесі қаралып, шешілетін жиын. Қазақтың мәселесі қаралатын жиында әр қазақ қарап қалмай, білгенін ортаға салғаны жөн. Ұлтың мұңын жоқтап, үнін шығарып жүрген «Қазақ үні», «Қазақстан-Zaman», «Түркістан» газеттері, «Абай», «Қамшы», «Ұлт», «ЕлАна» сайттары сияқты ақпарат құралдары, арнайы айдар ашып, қалған аз уақытта, елдің ұсыныс, пікірлерін жариялап, топтастырып құрылтайға ұсынып, біріккен тиянақты шешім шығатында құжат дайындап берсе ел, қазақ үшін жасаған еңбек зая кетпес деймін. Арпалысып жүрген ЭКСПО мәселесі шешіледі. Өтеді, естелік қалады. Уақытша мәселе уақытында. Қазақтың, ұлттың, мемлекеттің мәселесі, уақытпен санаспайтын, шектелмейтін туындай беретін мәселе. Яғни, қазақтың мәселесі Сұлтанмахмұтша айтсақ, күн сөнгенше сөнбейтін мәселе. «Мәңгі ел» болу үшін мәңгілік құжатымызды дайындап алған жөн. Бір қазақтың мәселесі, барша қазақтың мәселесі. Оны қазақ қауымдасса ғана шешеді. Ал, құрылтай қауымдасудың бірден бір жолын айқындайтын жиын. Сол айқындаудың басты назарында тұрған, көш, көші- қон жайы. Сондықтан барша қазақ, әсіресе көш жайлы қалам тербеп жүрген қаламгер қауым, ел ағалары ұлтының, өзінің келешегі үшін ойларын бүкпесіз ортаға салады деп, білемін. Ал, еліміздің ақпарат құралдары деумеу болып, ұлттың тағдырына бей жай қарамайтынына сенімім мол.
Дахан Шөкширұлы Жәмші.