БІР КҮНӘНІҢ ОН ЗАРДАБЫ БАР

Фақиһ Әбулләйс Сәмәрқанди рахимәхуллаһ жасалған күнәнің ол адамға тигізер он зардабын былай атаған:

-Жаратушысының бұйрығына қарсы шығып Раббысын ашуландырады.

-Өзінің және Алланың жауы Ібілісті қуантады.

-Жәннаттан алыстайды.

-Жаһаннамға жақындайды.

-Өзіне өзі қастық қылғаны.

-Aлла Tағала тап-таза етіп жаратқан өзін ластағаны.

-Өзіне қастық қылмайтын, керісінше зияннан қорғайтын Хафаза періштелеріне жаулық жасағаны.

-Пайғамбарымызды (с.a.у.) қамықтырғаны. Өйткені үмметінің амалдары қабірінде оған хабарланады.

-Жер беті, күн мен түн оның күнәсына куә болады.

-Бүкіл мақұлық атаулыға қиянат жасағаны. Өйткені жауын-шашын оның күнәсының кесірінен азаяды.

БҰЛ БАР-ЖОҒЫ БІР КҮНӘ ЖАСАҒАННЫҢ ЖАЙЫ. АЛ КҮНӘНЫҢ НЕШЕ ТҮРІН ЖАСАЙТЫН АДАМНЫҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛМАҚ?!

mazhab.kz