Бір күні беймазалықтан арыласың
Әлдекімге әр нәрсені дәлелдеуді доғарасың.
Есінен адасқан әлемге миығыңнан күліп қарарсың. Елге ұнауға тырыспайсың.
Ақыл айтып шаршатпайсың. Өзгеге сыртынан үкім кесіп, сынамайсың.
Көңіліңнен шықпайтын адамдардың қоңырауына мән бермейсің. Көзіңді заңғар көкке көп тірейсің.
Өзгенің не істеп, не жасап жатқанын екшемейсің. Жағдайға қарамастан өзіңді не шабыттандыратынын ойлап тұрасың.
Кешірім сұрамайсың. Түсіндірмейсің.
Дауласпайсың.
Науқаншыл, қызықсыз дүниеге уақыт өлтірмейсің. Сонда бұрын байқамаған талай кереметті көресің.
Өзгенің үмітін ақтауға жіберген есіл уақытыңды аяйсың.
Жан рақатын сезіну – уақытша ләззат алудан қымбат. Уақытша адамдардан да, уақытша заттардан да қымбат.
✅Саған ұнайтынның бәрі – құпия, құпияның бәрі айнадан көретін адамға тиесілі.
Қалғаны – бос сөз, сенен басқаны көруге ұмтылғандардың болжамы.
✅Сен – өзің үшін ең жақсы серіктессің, өзіңнің жүрек түкпіріңдегі бақытыңды әлдиле.
©Татьяна Марач
Аударған Шынар Әбілда