БІР МЕЗЕТТЕ 100 ДОМБЫРАШЫ КҮЙ ШЕРТТІ

Домбыра жайлы ой қозғағанда музыка зерттеуші көрнекті ғалым, композитор Ахмет Жұбановтың «Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі» деген сипатты сөзі еске түседі. Бұл сөздің мән-мазмұнын, домбыраның құдіретін бәріміз жақсы білеміз.
Шілде айының алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні Жамбыл ауданының орталығында мерекелік шара өтті.

​Домбыра – қазақ халқының мәңгілік қазынасына айналған киелі аспап. Ұлттық рухымыздың сақталуына қызмет еткен де осы қасиетті қара домбыра.
​Ауданымызда ұлттық аспапта ойнауды үйренуге ден қойған жастардың қатары жылдан жылға толығып келеді
Бұл тұрғыда аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен аудандық Өнер мектебі ұландарының республикалық байқаулар мен конкурстарда топ жарып жүргені жан жадыратады, мерейімізді өсіреді.
​Қасиетті қара домбырамыз дәріптелген шараға аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Несіпбеков, Махпал Досымбекова және «Аманат»партиясы аудандық филиалының төрағасы Мадияр Сәмбетов және тұрғындар қатысты.
Мерекелік кеште 100 аудан домбырашыларынан құралған топ күйлер орындап, көпшілікті тәнті етті.
Сондай-ақ мәдениет өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жамбыл ауданы әкімдігі