Бір сөз
Әлдекім қоңырау соқты. Даусы қарлығып «Номеріңізді феисбуктен таптым. Сіз ауырып қалдыңыз ба?» деді. Әлденеден қысылғандай, сыбырлап айтты. «Шүкір, жазылдым» дедім. Тамағын қырнап: «Уф! Онда неге жазбай кеттіңіз әлеуметтік желіде?» деді. Үнінің жылығы, жанымды жылытты. Қапелімде сөз таппай,тек кеудемнің сол тұсын ұстай беріппін. Ойымды жинақтап, оқталғаным сол: «Жазып тұрыңыз, уайымдатпай» деп тұтқаны қоя салды.
Бір сөз бір адамға ғұмыр сыйлауға, алдауға, еріксіз жымиюға, еріксіз жылап жіберуге құдіреті жетеді екен!
Мен де бір сөзбен бәріңізді жақсы көретінімді айтқым келді…
Куралай Сейсенбеккызы