Бір терезеде қызмет көрсетеді
Павлодар облысының Май ауданы әкімдігінің әрбір мекеме қызыметкерлері бұдан былай халыққа бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетпек. Бұл аудан басшысы Марат Ақтаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асып отыр.
Бір терезе жүйесінің мақсаты – халыққа сапалы әрі жылдам қызмет көрсету. Яғни, халыққа көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер бір ортылықта ұсынылады. Бір терезе қағидасының ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы, білім беру бөлімі, жер қатынастары бөлімі, аудандық құрылыс-сәулет бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі сынды мекемелердің өкілдері болады.
— Енді аудан тұрғындары өздеріне қажетті мемлекеттік қызметті алу үшін әрбір мекеменің табалдырығын тоздырып, әуреге түспейді. Бір терезеден ғана барлық құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндік туды. Осы жүйе бойынша сапалы қызмет көрсетуге барлық бөлім мамандары сақадай-сай дайын, — дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлсара Кокина.
Аудандағы бір терезеде қызмет көрсету орталығының ашылуына обылысық мемлекеттік қызмет агентігінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов арнайы келіп, түрлі сала мамандарымен жүздесіп, өзара пікір алмасты.
Тілеуберді САХАБА.