Бір топ Ақтаулық «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында үй алды

Ақтау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Айрақты» тұрғын кешені пайдалануға берілді.

 

 

Тұрғын үйдің жалпы ауданы – 54 634,5 м ²;

Пәтерлердің жалпы ауданы – 34 210,8 м ²

Пәтерлер саны – 540. Оның ішінде: 1 бөлмелі – 180 пәтер, 2 бөлмелі – 180 пәтер, 3 бөлмелі – 180 пәтер.

 

«Айрақты» тұрғын үй кешенінің инженерлік инфрақұрылым құрылысына 1 518 472,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Қазіргі таңда тұрғын үй кешенінде қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылғы 23 қаңтардағы жағдай бойынша 194 адам (35%) Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер кілтін алды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бағдарлама аясында халықтың барлық санаттары үшін кредиттік тұрғын үй салуға ұлттық қордан 397,0 млрд. теңге бөлінді. Бағдарламаның негізгі қаржылық операторы болып табылатын «Бәйтерек Девелопмент» Холдингі» тұрғын үй жинақ банкі салымшыларына 540 пәтерлік «Айрақты» тұрғын кешенін пайдалануға берді. Сондай-ақ, холдингтің қаржыландыруымен 33-шағынаудандағы 670 пәтерлік «Аққу-3» тұрғын кешенінің құрылысы да таяу уақытта пайдалануға беріледі. Жоба құны 7,0 млрд. теңге құрайды.

Айман Нұрмағанбет