БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫҢ АЯҚ АЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ауданымызға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы жұмыс сапарымен келіп, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өңіріміздің бірқатар елді мекендерін аралады.
Бірегей жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың аяқ алысын көзбен көрді. Атап айтқанда, облыс әкімінің орынбасары Көкқайнар, Жаңа жол, Бірлікүстем сынды ауылдық округтерге ат ізін салып, жобаға қатысты құжаттарды әзірлеу барысымен танысты.
Одан бөлек, Қанатбек Қайшыбекұлы ауданда жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс жұмыстарына да арнайы барып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі