Біреуге жасаған жақсылығың,өзіңнің ақыреттегі азығың!

Бір күні елге сыйлы Елубек деген ағамыз Ақтаудың Сары базарында кетіп бара жатса, бір тіленшек адам бір кесе айран бер немесе соны сатып алатын ақша бер ,-деп соңынан қалмай қояды.

Артымнан қал, кет басқа жаққа ,-десе де, сұрауын қоймайды.

Елубек ағамыз шарасызданып, айналасындағы елден ұялғаннан қалтасынан ақша шығарып, жерге лақтырып жібереді.

Ол сол күні кешке үйіне келіп ұйықтағанда түсінде жұмақты көреді. Өзі жұмақта жүр екен дейді. Кең жазықта үлкен ағаш, әдемі бұлақтар сылдырлап ағып жатыр.

Әрі-бері жүріп шаршайды. Қарны ашады. Бірақ ағаш пен судан басқа ешнәрсе жоқ.
Дәл сол кезде қарсы алдынан бір періште кезігеді.

Оған: -Жұмақта неше түрлі тәтті тағамның бәрі бар дейтіні қане?! Аштан өлейін деп жатырмын,– дейді.

Періште: — Иә,рас айтасың. Бүгін кеште бір мүсәпірге бір табақ айран беріп едің,соны саған әкелейін деп алдына бір табақ айран алып келеді. Бұның наны қайда,-деп сұрайды?

-Нанын берген жоқсың ,-деген жауап естиді.
Содан әлгі Елубек ағамыз: -Ее,бұл дүниеде садақаға не жіберсең, соны қияметте табады екенсің ғой ,– деп терең ойға кетіпті.

Жалпы біле-білсек өмірде бір-бірімізге жымиып,күлімсіреп,мейірім сыйлап қарағанымыздың өзі садақа.

Біреуге істеген жақсылығың,өзіңнің ақыреттегі азығың екенін біле жүргеніміз абзал!

Манарбек Бисекенов.