”БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ” ЖОБАСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
”Анаға тағзым” орталығында “Бірге талқылайық” жобасының кезекті жиыны өтті. Аталған жоба орталықтағы “Інжу-маржан” әдеби үйірмесі мен М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының бірлесуімен бастау алған болатын.
Бұл жолғы жиында Мағжан Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” шығармасы талқыланды. Талқылау барысында шығарма мазмұнына сәйкес пікірсайыс ұйымдастырлып, шығармаға композициялық талдау жасалды.
Талқылауды “Інжу-маржан” әдеби үйірмесінің жетекшісі — Ғалия Абылай жүргізіп, шығарма атауы мен оның автордың өзге туындыларымен байланысы туралы тоқталып өтті. Ал аға оқытушы Жазира Науатбекова шығарманың өмірмен байланысы туралы пікір қосты.
Талқылау соңы, шығарманың өзектілігіне, бүгінгі күнмен байланысына негізделіп, қыз тәрбиесі туралы тұжырымдар айтылды.
Келесі талқылауға ұсынылған кітаптардың ішінен Орынша Қарабалинаның “Ұстаз бақыты” шығармасы бірауыздан таңдалып, мақұлданды.
Анаға тағзым орталығы