Бірінші кезекте, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасау

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары жүйесін реформалаудағы басты рөл учаскелік полиция инспекторларына жүктелгенін нақты атап өтті. Полицияның сервистік моделі, бірінші кезекте, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасауды білдіреді.
Кеше М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында орналасқан номері 17 және 15-шағын аудандағы 30-учаскелік полиция пунктіне бардым. Олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, қызметкерлеріміздің қандай жағдайда жұмыс істейтінін көрдім. Полиция пунктерінде бейнебақылау камералары орнатылған, қажетті компьютерлік техника бар. Күнделікті жұмысты жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.
Учаскелік инспекторлар қылмыстық ахуал мен осы жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады. Жалпы, нәтижелер жаман емес. Оларға құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзуға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, ерікті көмекшілермен тығыз байланыс орнату бойынша жұмысты күшейтуді тапсырдым.
Өкінішке орай, мұндай жағдайлар барлық полиция пункттерінде жасалмағанын түсінемін. Сондықтан бірнеше апта бойы облыс орталығы мен аудандардағы қалған полиция пункттерінің жұмысымен танысуды жоспарлап отырмын.
Бүгінде өңірде халық санының артуына байланысты учаскелік инспекторлар жетіспейді, бұл — учаскелік инспекторлардың штаттық санының шамамен 38%-ы. Бұл мәселені шешу үшін учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық деңгейде көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Облыста 367 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Олардың 30-дан астамы өздеріне бекітілген аумақта тұрмайды. Бұл мәселе 2025 жылға дейінгі жол картасы аясында кезең-кезеңімен шешілуде.
2021 жылы Байзақ ауданында тұрғын үймен біріктірілген 5 учаскелік полиция пункті және Тараз қаласында 4 модульді стационарлық полиция бекеттері салынды.
2022 жылы тұрғын үймен біріктірілген 5 полиция пунктін, сондай-ақ 6 стационарлық бекет салу жоспарлануда.
Бұл шаралардың барлығы «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған.
Біз полицияның имиджін және халықтың сенім деңгейін арттыру туралы жиі айтамыз. Ол көбінесе учаскелік инспекторлардың жұмысына байланысты. Өйткені, олар азаматтармен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сондықтан олардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасау өте маңызды.
Арманбек Баймурзин,Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры