Бірінші вице-премьер Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Павлодар облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Болат Бақауовпен бірге аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Бірінші вице-премьер «Астана-Павлодар» тас жолының жұмысымен танысып, аймақтың өнеркәсіптік кешенінің даму деңгейін тексерді.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері бүгінгі күні «Орталық-Шығыс» көлік дәлізі бойынша 404 шақырым тас жолының пайдалануға беріліп, 501 шақырымында жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімдеді. Асқар Мамин жолшыларға 905 шақырым магистральді ашып, осы жылы жолдың 238 шақырымын пайдалануға беріп, 2019 жылға дейін жобаны толықтай аяқтауға тапсырма берді. Сонымен қатар бірінші вице-премьер жол қызметі объектілерінің жағдайымен де танысты. Қазір республикалық маңызы бар Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына қатысты жолдардың бойында А, В, С және D категориясындағы 530 жол сервисі объектісі жұмыс істейді.

Одан кейін Премьер-министрдің орынбасары Бозшакөл кен-байыту комбинатында болып, мыс концентраты жасалуының технологиялық процесімен және кен жұмыстарының даму барысымен танысты. Екібастұз қаласында Асқар Мамин 700 орынға арналған отын-энергетика саласында кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау орталығында болып қайтты. Құрылысының аяқталуы 2019 жылға жоспарланған бұл білім мекемесі жақын болашақта кәсіби білім беру сапасының артуына, қосымша жұмыс орындарының пайда болуына және қаланың әлеуметтік инфрақұрылымының нағаюына үлкен әсерін тигізеді. «Проммашкомплект» ЖШС-де Асқар Маминге темір жол саласындағы бағыттамалық жетектер, айқыштар мен жөндеуге арналған жинақтамалар таныстырылды. Өнімдерін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен украиндік тұтынушыларға жеткізетін өнеркәсіпте өндіріс және экспорт жеткізулерін арттыру жоспарланып отыр.

«Павлодар» ЕЭА-да бірінші вице-премьер қосарланған алюминий мен «K&K» брендіндегі жеңіл балқитын автокөлік дисктерін өндірумен айналысатын «Giessenhaus» ЖШС өндірістік желілерімен танысты. Павлодар мұнай-химия зауытында Асқар Маминге 2017 жылы жаңарту жұмыстарының аяқталғаны жөнінде ақпарат берілді. Жаңартудың нәтижесінде шикі мұнайды қайта өңдеу өнімділігі артып, моторлы отын сапасы бензин бойынша К-4 стандартының деңгейіне дейін, ал дизель отынына қатысты К-5 стандартына дейін көтерілді. Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары бастапқы алюминийдің өндірісімен айналысатын «Қазақстан эликтролиз зауыты» АҚ-ға барып қайтты.

Тiлеубердi Сахаба