Бірқатар азаматтар марапатталды!
Бүгін Жаңатас қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуде белсенділік танытқан азаматтар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Кездесуде қала әкімі Д.Борсықов өткен саяси науқанның жоғарғы деңгейде өткенін, Жаңатастықтардың белсенділік пен жауаптылық танытып ел болашағына бей-жай қарамайтындықтарын аңғартқанын атап өтті.
Өткен саяси науқанның өтуіне атсалысып, өзіндік үлестерін қосқан азаматтарға қала әкімі алғысын білдіріп, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отыра сый-сияпат көрсетті.