Бірқатар мәселелер көтерілді

Шу қаласындағы халықпен кездесуіміз №40 мектепте жалғасты. Қосқұдық мөлтек ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде де жалпыға ортақ бірқатар мәселелер көтерілді.

Бұл аумақтағы тұрғындардың басым бөлігін алаңдатқан көше жарығы мен жаяу жүргінші жолағы, қаңғыбас иттер мен жол жөндеу жұмыстарына қатысты түйткілдер жиын барысында айтылып, жан-жақты талқыланды. 
Аталған мәселелердің барлығы да жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуіне байланысты жүргізілетінін айта кеткен жөн. Әр жұмыстың өз реті бар. Оның басым бөлігі қаржыға кеп тірелсе, енді бірі құжатқа қарайды. Сондықтан да әрбір өтінішті жеке дара зерделеп, рет-ретімен жүзеге асыратын боламыз.