БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Жамбыл ауданы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімі қызметкерлері және ХҚК бөлімінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуге, енгізілген өзгерістермен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру бойынша жиын өтті.
Жиынға төрағалық етуші Жамбыл аудандық бөлім басшысы Ә.Айтқұлұлы жиынды ашық деп жариялап сөз кезегін, Жамбыл аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімінің басшысы Е.Амаловқа берді.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау- ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі. Бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақыға құқығы бар. Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға болған еңбек өтіліне барабар үлес ретiнде есептеледi. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.
Құжатты қабылдайтын маман ең алдымен «Зейнетақыны алдын ала есептеу» арқылы мұқият тексеруі қажет. Өтініш білдірушінің табысы туралы мәліметті және міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және табысы туралы салықтың дұрыстығын салыстырып тексереді.
Жұмыс барысында жоғарыда айтылған түсіндірмені назарға алып, қабылданған құжаттардың кері қайтарылуына жол бермеу мақсатында, «ХҚК» мамандарымен көрсететін мемлекеттік қызмет түрлеріне құжаттарды белгіленген стандартқа сәйкес дұрыс қабылдау керектігі айтылды.