БІРЛЕСКЕН ЖОБА
«Павлодартұз» кәсіпорыны С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті бірлескен жобасын бастады.
Атап айтқанда Екібастұз өңірінде 2 МАЭС аумағында орналасқан көлде зерттеу жұмыстарын бастады. С.Торайғыров атындағы ПМУ мамандары кәсіпорын тарапынан жабдықты іске қосу барысында ғылыми қолдау көрсетеді.
Нақтырақ айтқанда, жоғары оқу орны сарапшылық тарап ретінде электр желісін монтаждау, электрдвигательдерінің ақаулары барысын диагностикалау бойынша әзірлемені енгізбек. Оның авторы — Новожилов Александр Николаевич.
Жалпы, кәсіпорын басшылығы бұдан кейін де университет ғалымдармен байланыс орнатуға қызығушылық танытып отыр.
Тілеуберді САХАБА.