Бірлікте тірлік бар
Бірлікте тірлік барын біліскен
Қылыштың жүзіне ,
қылдың көпіріне тірелседе ,
,әділдің ісіне ,
шешеннің тіліне тоқтаған .
О жар деп әр адымын сиынып басса .
сөзін шегелеп ,
ісін егелеп електен өткізіп .
ерінбей аяқтаған.
Ұйымшыл
,ырымшыл көпшіл ! Көпшік қойып сөйлегенді жақтырмаған .
Ұлтына ,
руына қарап бағаламан .
Ұқыпсызға ,
ұрыншаққа жоламаған.
Дала ұрпағы несібеге арамдық У қосуға ,
Жақсылықтың алдын тосуға .
Сәбидің белін басуға ,
Әулиеге тіл тигізуге
Ғұламаға қатты сөйлеуге .
Салт дәстүр әдет ғұрыпты аяқ асты етуге, мал жайылымдарын өртеуге .
Сүйген жарыңды перделеуге болмайды .
Текті балалар ақжаулықты аналар отбасында отау иесімін десе .
Отан алдында өтелмеген парызым көп деген.
Кейінгі ұрпақтарына өрнектеп өсиет
,есті насихат қалдырып отырған.
Сондықтан Тектілер деп бағалап.
Жетіммен жесірді жұбатқан,
жартыны бүтіндеген
Кеммін дегенді кемеріне жеткізген.
Өлдім дегенге өмір іздеген.
Азғынның жолына түспеген
Сөзіне сенбеген ,көзі жетпегенге қолын созбаған.
Өсиеттен өсекті ажыратса.
Ақиқаттан , аңызды ажыратып
өз елінде тозбаған .
Байлығы тасысада аспаған.
Дұшпанынан жасырып қашпаған.
Таңдап
тұз алмаған,
Тартып
қыз алмаған
Жағаласып
сөз алмаған.
Нашардың намысын түртпеген .
дұшпаны келседе жамандық күтпеген .
Босаға жақсығада жаманғада тозар —әр пенденің ісі .сөзі ,иманы өзіне құт ,жұт -деген .
Ел шетіне жау келсе жалпы жұрттан жалқы.
Жалғыз қалсада
Аттың жалын түйіп ,
жүрегіме оқ тиседе .
Арыма дақ түспесін —деп ұрандаған.
Ажал туралап келсе
Жоталы жер жазық болар
боталы ер зарық болар
Шахар топыраққа айналар ,
ат тулаққа айналар
Орда шаңыраққа айналар
Бірақ жүріп өткен жол киелі .
Деп жауына жалынбаған жастығын ала кеткен .
Той тоқшылықтың жалауы
Тон жыртықтың жамауы .түйірдей несібе бұйырсын деп тіле.
Тіреге мұрахат Тілеуіңе тең берсін терезесін бесігімен жөндесін ,деген өлмейтін ,
өшпейтін соңына сөз қалдырған ,
естіген есті азаматты таң қалдырған .
тамаша талайға азық ,
аузы қисаймас нәр қалдырған .
Тектілер тәбәрігін кім көңіліне түйгісі келмейді .