Біртанов: коронавирустың ауылға жеткені үлкен қауіп
Министр Біртанов ауылдық жерлерде де карантиндік шараларды қабылдау керек, азаматтар отбасымен үйде отырғаны абзал деді.
Коронавирус инфекциясы ауылдарға да жетті. “Біз қазір ауылдарда да вирус ошақтарын анықтап жатырмыз. Облыс әкімдіктерімен, жергілікті атқарушы органдармен осы ошақтарды оқшаулау бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр”, – деді министр онлайн брифингте.
Осы орайда ол ауыл атұрғындарына өтініш жасады. “Менің айтатын дегенім, ол жерде тұратын кейбір азаматтар сенбейді, коронавирус бізге жетпейді деп ойлайды. Шынын айту керек, қазір үлкен қауіп бар. Ауылдық жерлерде де карантиндік шараларды қабылдау керек. Азаматтар мүмкіндігінше отбасымен бірге екі апта бойы үйде отырғаны абзал”, – деді Біртанов.
Ол республиканың ірі қалаларында енгізілген карантин режимі оң нәтиже беріп жатқанын атап өтті.
“Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында инфекцияның таралуы баяулағанын байқап отырмыз. Осы екі қалада карантин шаралары әрі қарай да күшейтіледі. Басқа өңірлерде өсім бар. Бірақ карантин шараларының арқасында күн сайынғы өсім бір деңгейде”, – деді министр.
zanmedia.kz