БИЫЛ 1 СӘУІРДЕН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ 4% ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Ел Үкіметі халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне жол бермеу мақсатында бірқатар нақты шаралар қабылдауда. Бұған дейін инфляция дәлізінің болжамы 4-6 пайыз болса, 1 сәуірден бастап 8-10 пайызға дейін қайта қаралды. Мәселен, 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің немесе айлық есептік көрсеткіштің шамасынан есептелетін жәрдемақылар мен базалық зейнетақының мөлшері 5 пайызға артады.




«Биыл 1 сәуірден бастап барлық зейнетақы алушыларға жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төленетін зейнетақы мөлшері 4% пайызға артты. Бұл ретте зейнетақының ең төменгі мөлшері 48 032 теңгені құрайтынын да білген жөн. ЕТКД-нің ұлғаюына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 20 191 теңгені, ең жоғары мөлшері — 37 389 теңгені құрайды. Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 146 280 теңгені құрайтын болады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін барлық жәрдемақылар түрі АЕК-ң және ЕТКД-нің ұлғаюымен, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап өсті», — деді спикер.


Өңірлік коммуникациялар қызметі